Елімізде соңғы 5 жылда 263 спортшының тыйым салынған затты қолданғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде соңғы 5 жылда 263 спортшының тыйым салынған затты қолданғаны анықталды

11.12.2018

Елімізде соңғы 5 жылда барлық санаттағы спортшыларды тексеру кезінде 263 адамның тыйым салынған затты қолданғаны анықталды. Допингпен ұсталған спортшылар енді бар атақ-даңқына қоса, мемлекеттен алған пәтер, сыйақы және өзге де қолдау түрлерінен толық айырылуы мүмкін. Осындай өзгерістерді қамтыған заң жобасы бүгін Мәжілісте талқыланды. Мамандар допингке қатысты мәселені реттеу керек деді.

Допингпен ұсталғандардың ішінде 14 жасқа дейінгілер біреу, 16 жасқа дейінгілер 26 . Ең көп қолданғандар 16-24 жас аралығындағылар. 158 факт. 24 жастан жоғары спортшылардың 78 -і допинг қолданған. Енді спортшыға шара қолданар алдында кімнен олқылық кеткендігі де ескеріледі.  

Елсияр Қанағатов, Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының басшысы:

- Біз әрбір спортшымен келісімшартқа отырғанда допинг пайдаланбаймын деген келісімді шартқа кіргіздік. Әрбір құрама командада спорттық дәрігерлер штатқа алынып, оқу-жаттығу жұмыстарына, жарыстарға жіберіліп келеді.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу