Допинг дауын қайта қараған ХОК Нұрбақыт Теңізбаевқа күміс медаль тақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Допинг дауын қайта қараған ХОК Нұрбақыт Теңізбаевқа күміс медаль тақты

21.09.2017

Алматыда Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы 2017 жылғы Әлем чемпионаттарында үздік өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады. Бокс, күрес, дзюдо және таеквондо шеберлерін қосқанда барлығы 11 спортшыға қаржылай сыйақы берілді. Сондай-ақ, бапкерлер, ұлттық құрама командаларының мамандарына арнайы сыйақы берілді. Ал, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының нәтижесін допинг дауынан соң қайта қараған Халықаралық Олимпиада комитеті қазақстандық грек-рим күресінің шебері Нұрбақыт Теңізбаевқа күміс медаль беру жөнінде шешім қабылдаған. Бүгін бозкілем шебері сол күміс медальді мойнына тақты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл спортшылар 1 алтын, 4 күміс, 6 қола, жалпы саны 11 медаль жеңіп алды.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу