Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады

18.09.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Кездесу барысында Ассамблеяның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспарлары жайлы ақпарат берілді. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық мүшелеріне мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент өңірлерде Ассамблея жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу