Президент Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін де көтерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін де көтерген

15.09.2019

Династиялар мен қағанаттар арасындағы текетірестер әрине, санада із қалдырады. «Жұмбақ айдаһар» образы... Дегенмен қазіргі әлемде «есікке құлып салып» өмір сүру мүмкін бе? Қытайдың сыртқы сауда көлемі 4,5 трлн. доллар. Бұл - абсолютті рекорд. АҚШ-пен сауда айналымының өзі 210 млрд. долларға жуық. Оның әлемге экономикалық ықпалы арта беретіні түсінікті.

Бірақ ұлттық қауіпсіздікпен қабысатын мәселелер экономикалық саясаттан бұрын тұруы тиіс. Құйылатын капитал мен келетін жұмыс күші қатаң регламенттелгені керек. Мемлекет, ұлт мүддесі бірінші кезекте екенін көрген жұрт, мысалы, басқа мемлекетте түсірілген бейнесюжетті көріп, өзінде болған екен деп байбалам сала жөнелмейді.

Дегенмен жаңа айтқанымыздай, көрші мемлекетпен қалай араласпайсың? Оқшауланып өмір сүру мүмкін емес дерлік.

Тоқталғым келетіні - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін де көтерген. Қазақстандық бойжеткеннің жағдайын айтып, араша түскен. Ақжарқын осыдан 5 жыл бұрын есірткі контрабандасымен айыпталып, әуелі өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын, кейін іс қайта тергеуге жіберілді.


Хабарламаларға жазылу