Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін

16.05.2022

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдан елге қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Сол жылы Хошиминда Ростов қаласының тұрғыны Мария Дапирка да ұсталды. Қыздар нигериялық есірткі тобының құрбаны болғаны анықталып, екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға тез арада ауысуын күтеміз. Қыздардың Отанға оралуына нақты мүмкіндік бар», - делінген жазбада.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында, Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу