Ұлыбритания парламенті жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания парламенті жұмысын тоқтатты

10.09.2019

Бүгін Ұлыбритания парламенті жұмысын тоқтатып, бесапталық үзіліс жариялады. Ол қызметіне қазанның 14-інде оралады. Депутаттар премьер-министр Борис Джонсонның «Брексит» күніне дейін сайлау өткізу жоспарын мақұлдаудан біржола бас тартты. Сонымен қатар, қауымдар палатасы елді Еуропа одағынан шығаруды кейінге қалдыру туралы заң қабылдап отыр. Ол бүгін күшіне енді. 

Келесі айдың ортасына дейін, яғни, парламент жұмысқа оралғанша, Джонсон үкіметі одақпен ажырасу туралы жаңа келісім жобасын ұсынуы тиіс. Керісінше жағдайда Британияның аймақтық интеграциялық блоктан кету датасы қаңтардың 31-не шегерілуі мүмкін. Бірақ премьер-министр Брюссельге барып, елді бәрібір қазанның 31-інде одақтан шығаруға күш салатынын мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу