Ақмола облысының биыл 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен келесі жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан - Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы. Бүгін Президент Ақордада Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаевты қабылдап, аталған тақырыптар бойынша өңір басшысының есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде агроөнеркәсіптік кешен мен туризмді, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен жастарға қолжетімді инфрақұрылым нысандарын салу қажеттігін атап өтті.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ