Президент ШҚО әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ШҚО әкімін қабылдады

19.06.2023

Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады. Өңірдің жаңа басшысына халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударуды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев қайта құрылған аудандарға тоқталып, шекара маңындағы елдімекендерді жүйелі түрде дамыту қажеттігін айтты. Коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мен жылыту маусымына дайындықты пысықтау жөнінде тапсырма берді. 


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу