Үкімет тарифтер мен бағаны реттеуі тиіс - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет тарифтер мен бағаны реттеуі тиіс - Президент

02.09.2019
Үкімет тарифтер мен бағаны реттеуі тиіс - Президент

«Үкімет тариф пен бағаны реттеу мәселесін қолға алуы тиіс. Бұл монополистердің тауарлары мен қызметтеріне қатысты. Біздің елде киім-кешек, азық-түліктің бағасы қымбат екені құпия емес. Мәселен, неліктен негізгі авиатасымалдаушының авиабилеттері еуропалық бағаға қарағанда 30 пайызға дейін қымбат? Біздің әуежайлардың қызмет бағалары неліктен жоғары? Неге шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін авиаотын отандық тасымалдаушыларға қарағанда қымбатқа сатылады? Осының салдарынан қазақстандық авиация саласы өзінің халықаралық бәсекеге қабілетін жоғалтып, елдің транзиттік әлеуеті азайып барады», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Хабарламаларға жазылу