Президент Жолдауы Мәскеуде қызу талқыланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жолдауы Мәскеуде қызу талқыланып жатыр

03.09.2022

Президент жолдауы Мәскеуде де қызу талқыланып жатыр. Көрші ел сарапшылары саяси реформа нақты әрі ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз етеді дейді. 

Көршілес елдің мамандары жолдау ел өміріне серпіліс береді дейді. Сарапшылар «азамат-бизнес-мемлекет» үшбұрышындағы қатынастарды қайта құру идеясы қозғалғаны өзекті екенін айтады. Ал Ұлттық қордың балаларға дивиденд беруі де тың үрдіс. «Бұл қадам ең алдымен әр баланың жарқын болашағын қамтамасыз етеді»,- дейді мамандар.

Дмитрий Журавлев, Өңірлік мәселелер жөніндегі институттың бас директоры:

Ел экономикасын арттыруға ерекше басымдық берілді. Бағаны нарық реттеуі керек – тек осы жағдайда ғана кедергілер жойылады. Мемлекеттік басқару ісі қайта жаңғыратыны да қазіргі кезеңде өзекті деп ойлаймын. Жолдауда көрініс тапқан кәсіпкерлікпен айналысам деген жастарға қолдау, инвесторларға қолайлы жағдай, бұл ең алдымен халыққа пайдасы тиетін реформалар.

Сондай-ақ, сарапшылар Президентті жеті жылға сайлау туралы ұсыныс демкоратиялық сипатқа ие екенін тілге тиек етті. Жеті жылдық мерзім өзін толық ақтап шыққан Францияны мысалға келтірді. Қазіргідей қысылтаяң кезде экономика мен әлеуметтік саланы дамыту, мемлекеттік басқаруды қайта жүктеу –азаматтардың өмірін жақсартуға ықпал етуі тиіс. Осылайша көрші елдің сарапшылары дамудың бағыт-бағдарын айқындайтын саяси құжатты зерделеп, өз пікірлерін білдірді.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу