Азық-түлік инфляциясы 19,2 пайызға жетті - Қасым-Жомарт Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік инфляциясы 19,2 пайызға жетті - Қасым-Жомарт Тоқаев

14.07.2022

Үкімет қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Осылай деген Президент Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шараларын «тиімсіз» деп атады. Ол инфляцияны тұрақтандыру үшін жаңа тәсіл мен идея керегін айтты. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі елімізде 19,2 пайызға жеткен. Жалпы нарықта азық-түліктің кейбір түрі тіпті бірден 80 пайызға қымбаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен ғана тоқтатқысы келетінін баса айтты. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны тек жасанды түрде реттеп отыр. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойған. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мемлекет басшысы мұндай жұмыстың ешқашан тиімді болмағанын еске салды.

Хабарламаларға жазылу