Алты баланың анасына «Мәселе» бағдарламасында 3 бөлмелі үйдің кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алты баланың анасына «Мәселе» бағдарламасында 3 бөлмелі үйдің кілті табысталды

13.07.2019

Жаңа ғана бәріміз сюжеттен көрген алты баланың анасы Манаргүл ханым бүгін біздің студияға арнайы келді. Қош келдіңіз, ортаға  шығыңыз. Несін жасырайық, жаңағы сұхбаттарыңыз бәріміздің жүрегімізге батты. Мұндайда Күләш Ахметованың жыр жолдары ойға оралады:

Қазақты жамандама қазақ бала,

Халық қой қазақ деген аз-ақ қана.

Мəңгілік ай астында, жер үстінде, 

Қазақтың жанашыры — қазақ қана. Бұл бәріміздің жүрегімізде жатталуы тиіс  өлең жолдары. Ендеше көп күттірмей сөзді «Харекет» қайырымдылық қорының өкілдеріне берейін…

 

Бәрекелді, құтты болсын Манаргүл ханым! Міне, арман орындалды, қайырымды жандарға айтарыңыз болса, мархаббат?  

Ал бауырларым, сендердің енді өз үйлерің бар. Пәтерден қуып шығады-ау деп қорқатын күндер келмеске кетті. Енді ешқашан жыламаңдар, жарай ма?

 

Ардақты ағайын, біз телемаусымды осылай қорытындыладық. Бұйыртса, қыркүйекте тікелей эфирде қайтадан жолығатын боламыз. «Мәселенің» желідегі парақшаларына хат-хабар жолдауды ұмытпаңыздар. Қаперіңізде болсын, мәселе мақұлмен емес, ақылмен шешіледі. Осы керемет сәтте ортаға елдің сүйікті әншісі Ибрагим Ескендірді шақырайын. Қош келдіңіз!

 

Хабарламаларға жазылу