Павлодарда Астана күні қарсанында 72 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Астана күні қарсанында 72 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды

05.07.2018

Астана күні қарсанында еліміздің барлық аймақтарында мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бүгін Павлодардың Сарыарқа шағын ауданында 9 қабатты 72 пәтерлік жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.

Нысан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Қазір дәл осы аумақта 12 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Баспаналы болып, қуанышқа кенелген тұрғындар арасында Ботагөз Мамыржанова да бар. 15 жыл кезекте тұрған 4 баланың анасына 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды.  

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу