Президент «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорын қабылдады

19.08.2019
Президент «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорын қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, әлем экономикасының дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы неміс бизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.

Хабарламаларға жазылу