Президент «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады

19.01.2023

Бүгін Мемлекет басшысы «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады. Кездесуде Президентке ұлттық пошта операторының даму стратегиясы таныстырылды. Бизнеске ауылдың әрбір тұрғынына қызмет көрсету және тауар жеткізу мүмкіндігін беру үшін компанияның инфрақұрылымын, логистикалық және бөлімшелік желілерін дамытуға қатысты мәлімет берілді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтік маңыздылығына назар аударды . Бұл бағыт бойынша тиімді жобаларды жүзеге асыруды жалғастыру қажет деді.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу