Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

27.08.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған ел экономикасының одан әрі өсуін ынталандыру шаралары талқыланды. Сонымен қатар инфляцияның қазіргі жағдайы мен елімізде несиелік-қаржылық саясатты жүзеге асыру барысы жөнінде мәліметтер айтылды. 

Асима  НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу