Еліміздегі мұражайларда «Музейлер шеруі» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі мұражайларда «Музейлер шеруі» акциясы басталды

30.08.2019

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында бүгін кешке еліміздегі мұражайларда «Музейлер шеруі» акциясы басталады. Шараны алғаш боп Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы музейлер бастаса, кейін өзге мұражайлар жалғастырады. Акция аясында әр айдың үшінші жұмасы кешкі сағат 21:00-ден түнгі 3-ке дейін мәдениет орындары келушілерге тегін қызмет көрсетеді. Музейдегі залдар әр ай сайын ауыстырылып отырады. Тұрғындар Қазақстанның ежелгі заманнан қазірге дейінгі тарихы мен мәдениетін, шетел мәдениетін, эксклюзивті коллекциялар мен көрмелерді тамашалай алады. 

Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры:

Қазақстанда жалпы 245 мемлекеттік музей жұмыс жасайды. Олардың қорларында 2,5 миллионға жуық жәдігерлер сақтаулы. Шамамен 10 пайызы ғана көрсетіліп тұр. Қалғандары қорларында сақтаулы. Сондықтан сол қорда сақталып тұрған жәдігерлерді көрермендерімізге паш ету үшін, паш етудің тетіктерінің бірі осы акциямыз болып табылады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу