Қазан қаласында өткен кәсіптік мамандықтар арасындағы WorldSkills-2019 чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазан қаласында өткен кәсіптік мамандықтар арасындағы WorldSkills-2019 чемпионаты аяқталды

29.08.2019

64 мемлекет қатысқан әлемдік сайыста Қазақстан құрамасы 14-ші орын алды. «Еліміз бұл додаға бертінде ғана қатысқанын ескерсек, бұл өте жақсы көрсеткіш»,- дейді сарапшылар. Біздің елдің құрамасы 34 мамандық бойынша сынға түсті. Олардың арасында, «Кескіндеме және сәндік жұмыс» мамандығы бойынша Тұрар Ердәулет күміс жүлде алды. Тағы бір студентіміз Әли Әскерханов қола медальға ие болды. Мехатроника мамандығы бойынша Семейлік Александр Берцольд пен Исажан Раисов «Үздік ұлт үшін» медальін жеңіп алды.

Санжар Тәтібеков Кәсіпқор холдингі департамент директоры:

Біздің жұмысшы Мамандықтардың әлемдік стандарттарға сай жұмыс жасауға дайынбыз. Әрине оны әлі де дамытып біздің жұмысшы мамандарымыз экономиканы дамытуға өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу