Алтай Көлгінов автобустарды күту интервалын азайтуды жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтай Көлгінов автобустарды күту интервалын азайтуды жүктеді

29.08.2019
Алтай Көлгінов автобустарды күту интервалын азайтуды жүктеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов адам көп баратын бағыттарға қосымша автобустар шығаруды  жүктеді. Бұл туралы қала әкімі Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Оқу жылының басталуына және еңбек демалысы маусымының аяқталуына байланысты жолдарда трафик артып отыр. Осы ретте, өз бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Көлік басқармасына тұрғындар арасында аса сұранысқа ие бағыттарға қосымша автобустар шығаруды, сондай-ақ қоғамдық көліктің желіге барынша толық шығуын және күту арақашықтығын азайтуды тапсырдым», - деп жазды А.Көлгінов.
 

Хабарламаларға жазылу