25 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қатты аяз болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қатты аяз болады

25.01.2015
25 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қатты аяз болады

25 қаңтар, жексенбі күні еліміздің бірқатар өңірі антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен аяз күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.  Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады,  боран соғып, көктайғақ болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с болады, түнде кей аудандарда боран соғып, көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау облыстарында 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей аймақтарда тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде қатты аяз болады. Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде де аяз болады. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты аяз болады. 

Хабарламаларға жазылу