Муайтай шеберлері «Таңшолпанға» келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Муайтай шеберлері «Таңшолпанға» келді

20.12.2018

Бүгін «Таңшолпанға» Муайтайдан халықаралық спорт шебері Бақытжан Арифханов,  Мунайтай федерациясының Астана қаласы филиалының вице-президенті Нұралы Әубәкіров, жаттықтырушы Мұрат Нуриев қонаққа келді. 
Нұралы Әубәкіров: «Мунайтайдың бокстың басқа түрлерінен ерекшеліктері өте көп. «Тай боксы» деп те айтып жатады. Шынтақпен ұрады, тіземен соғады.
Балалар жыл сайын көбейіп жатыр. Астана қаласында Мунайтайдан 10 клуб бар. Сегіз сүйектің жекпе-жегі десек те болады. Қауіпті спорт түрі. 
6-7 жастан қабылдаймыз. 1-2 жыл айналысқаннан кейін балалар өз қабілеттерін көрсетеді. Чемпионттарға қатысып жатады. Спортшы өз карьерасын 25-30 жасында аяқтайды.
3-13 желтоқсан күндері Қытайдың Макао қаласында чемпионат өтті. Қазақ спортшылары жақсы нәтиже көрсетті.
«2003 жылы Муайтайдан чемпионат Алматы қаласында өткенде, 53 мемлекеттің ішінде командалық есепте 1 орынды иеленген едік»,- деді Муайтай спортын жастарға үйретіп жүрген федерация өкілі.
Мұрат Нуриев: «Муайтай – пайдалы спорт түрі. Нокаут өте жиі орын алған соң, қауіпті деуге де болады. Қазақстанда жақсы дамып келеді», - деп пікірін білдірді.
Спорт шебері Бақытжан Арифханов: «Бұл спортқа алғаш рет келгенде, өзіме қатты қызық болды. Шынтақпен ұратыны, тіземен ұратынын ұнады»,- дейді.
 

Хабарламаларға жазылу