«Таңшолпанға» цирк жыландары келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанға» цирк жыландары келді

10.11.2014
«Таңшолпанға» цирк жыландары келді

«Мен бала кезімнен сахнада жүрмін. Осыдан 4 жыл бұрын «Шалқыма» би ансамблінде өнер көрсеттім. Сонда халықты таңғалдыру қиын болды. Биге тағы бір нәрсе қосу керек болды. Жыланмен билеу идеясы сол кезден басталған еді. Қазір жыландармен өнер көрсетіп жүргеніме – 4 жыл. Сіңлім екеуміз гастрольдік сапарға, тойларға шығамыз»,-дейді Динара Мейрамқызы.

«Жылан қарны аш болса, жұмыс істемейді, тыңдамайды. Оратылып алады да жатады. Сондай-ақ, жылан тамақтанғаннан кейін 4 күн өткеннен соң бірақ, жұмысқа кірісеміз. Өйткені, ол осы аралықта асты қорытады»,-дейді әртіс.

Кеша және Гоша атты жыландарымен мың бұрала билеген апалы-сіңілілердің өнерін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу