Қазақстан алма мен гүл сатудан неге көш басында емес? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан алма мен гүл сатудан неге көш басында емес?

15.12.2018

Бұл - қазақтың ежелден-ақ жер басып жүргендердің ішіндегі ең ақылды, ең ізденімпаз ұлт екенін дәлелдейтін деректер. Алғашқысы – «Алтын адам». 1969 жылы Есік қорғанынан табылған теңдессіз экспонат. Қорымды қазғанда  4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген мүрде табылған. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін аң-құс стилінде жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жақұт тастары бар алтын сырға табылыпты. Бұл - ежелгі шеберлеріміздің алтын өңдеу техникасын толық меңгергенінің айғағы. Біз білетін бұл деректерден бөлек, көптің көзінен тасада жатқан тың ақпараттарды апта бойы тілшіміз тізіп келді.

Бұдан бөлек, қазір қыз біткен құшағына сыймай тұрса да, көпсінбейтін қызғалдақ пен дәмі тіл үйіретін алманың отаны - қазақ жері екенін біреу білсе, біреу білмейді. Білгені көбіне көзге ілмейді. Неге? Өйткені, тарихты табыс көзіне айналдырғандар көп. Тиісінше, қандай да бір дүниенің түп-тамыры бізде десе, адам біткен сол нәрсені тарихи отанынан алуға құмартып тұрады. Бір ғана мысал, биыл 8 наурызда қазақстандықтар 100 миллион долларға гүл сатып алған. Оның 70 пайызы шетелден әкелінген. Нидерланд, Эквадор, Колумбия, Бельгия, Қытай мен Өзбекстан бізге тонналап гүл сатқандардың тізімінде. Алтынды алғаш өндіріп, алма мен қызғалдықтың отаны екені дәлелденген қазақ бүгін неге аталған дүниелерді сатудан көш басында емес? Том-том тарихи еңбектер неге нәтиже бермеді?

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу