Мирас пен Құралай: Әнші тек тоймен шектеліп қалмауы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мирас пен Құралай: Әнші тек тоймен шектеліп қалмауы керек

04.12.2018

Әнші Мирас пен Құралай Алматы студиясының төрінде қонақ болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Жуырда Ақтөбе қаласында жеке концертімізді өткіздік. Концерт тамаша өтті, көңілден шықты. Ол күн кенжеміздің туған күні. Бұйыртса, жаңа жылдан кейін туған өңіріміз Ақтөбеде өнер студиясын ашсақ дейміз.

Өздеріңіз білетіндей, Алматы қаласында өнер мектебіміз бар. Шәкірттерімізбен бірігіп жақында бейнебаян түсірдік. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, балаларға қолдау көрсетсек деген ойымыз бар.

Көктемде жаңа ән, жаңа репертуармен Астанада концерт өткізу жоспары тұр. Әнші болған соң, тек тоймен шектелмей, халық алдында кеш беру тиісті іс», - дейді өнер иелері.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу