«Түнгі студияда» - Мирас пен Құралай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Мирас пен Құралай

04.02.2015
«Түнгі студияда» - Мирас пен Құралай

Мирас пен Құралай – ән өнерінде классикалық және эстрадалық бағытты қатар алып жүрген жұптардың бірі.

Мирас – 1974 жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ақтөбедегі А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің дирижерлік бөлімін, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының вокал бөлімін тәмамдаған.

Құралай – 1976 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Грачи ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі.

Айта кету керек, осыдан біраз уақыт бұрын «Асыл жарым» атты алғашқы  ән жинақтары жарық көрді. Сонымен қатар, «Мирас-Құралай» вокалдық орталығы ашылды.

Жұлдызды жұп алдағы уақытта Ақтөбе, Талдықорған және Павлодар  қалаларында концерт бермек. Ал, 2015 жылдың қыркүйек айында Отбасы күніне орай Алматы қаласында кеш өткізеді. 

Бүгін 23.30-да «Түнгі студияда» әншілердің жарасымды әзілге құрылған сұхбатын Ұлттық арнадан көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу