Таразда екі жерден алапат өрт шығып, сегіз отбасы баспанасыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда екі жерден алапат өрт шығып, сегіз отбасы баспанасыз қалды

12.10.2015
Таразда екі жерден алапат өрт шығып, сегіз отбасы баспанасыз қалды

Айналасы бір сағаттың ішінде іргелес 6 ағаш үйдің түгі қалмай жанып кеткен. Ал қаланың қақ ортасындағы Асқаров пен Бруно көшелерінің қиылысындағы 2 үй газдың жарылуынан жермен жексен болған.

Қалалық әкімдік өкілдері отқа оранған 6 үйдің тұрғындарын жатақхана және азық-түлікпен қамтамасыз етеміз деп отыр. Ал, олардың далада  қалмауы тек тексеру жұмыстарынан кейін белгілі болады. 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу