Ақбота Керімбекова туған күнінде «Tańsholpan» студиясына келіп, сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақбота Керімбекова туған күнінде «Tańsholpan» студиясына келіп, сұхбат берді

03.12.2018

Бүгін - әнші Ақбота Керімбекованың туған күні. Атаулы күнде әнші «Tańsholpan» студиясына келіп, сұхбат берді. «Tańsholpan» ұжымы да өнер иесін туған күнімен құттықтап, гүл шоқтарын тарту етті, бұл күнде алған ерекше, есте қаларлық сыйлық жөнінде дәстүрлі сұрақтарын да қойды.

«Қуанышыма келіп, шын ниетімен ұсынған әр жанның кішкентай сыйлығына ризамын. Жақын адамдарымның тілек-тілеуі, халықтың қошеметі, бала-шағамның амандығы – мен үшін үлкен сыйлық. Құттықтауларыңызға рақмет. Алла разы болсын!», - деді А.Керімбекова.

Айта кетейік, әнші «Мен өзіңді сүйемін құлай» әніне бейнебаян түсірді. Жаңа образда, жаңа бет-бейнеде түсірілген туынды туралы да Ақбота Керімбекова сұхбат барысында айта өтті.

«Шынайы тыңдармандарым мені осы қалпымда көргісі келеді, деп ойлаймын. Бұл туындыда қатты өзгердім деп айта алмайтын. Дегенмен, заманға сай жасалынған дүние»,- деді өнер иесі.

«Tańsholpanды» көріңіз.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу