Кейіпкер: Жұмыс істеп жүріп, бірден үйде отырып қалу босанудан кейінгі күйзеліске себеп болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кейіпкер: Жұмыс істеп жүріп, бірден үйде отырып қалу босанудан кейінгі күйзеліске себеп болды

22.11.2018

Қыз баланың аналық махаббаты бала кезінде қуыршақ ойнаудан қалыптастады. Алайда, қуыршақ ойнап өскен кейбір қыздардың кейін ана атанған соң 9 ай құрсағында көтерген сәбиіне қарағысы келмей, одан безетіндері кездеседі. Медицинада оны «босанудан кейінгі күйзеліс» деп атайды.

Әйелдер осындай күйге неліктен түседі?  Оған не себеп? Оның емі бар ма? Күйзелістің алдын алуға бола ма?

 

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Босанудан кейінгі күйзеліс».

Студия қонақтары мен басты кейіпкері Маржан Омарова өз пікірімен бөлісті.

 

«Тұңғышымды босанғанда күйзеліс болды. Балаға қалай қараймыз деген қорқыныш болды. Жаңадан дүниеге әкелген адам үшін жауапкершілік пайда болады. Дамыған заманда күйзеліс  болмайды деп естіп жатамыз. Бірақ, олай емес. Жұмыс істеп жүріп, бірден үйде отырып қалған ауыр болды», - дейді Маржан.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу