Алмас Нұрғожаев бала кезінде сурет салудан бұрын ермексазбен жұмыс істеген. Кейін әкесінен естіген ертегілерді қағаз бетіне түсіріп, өз қиялындағы батырларды бейнелеген. Алмастың сурет өнеріне ерте араласуына әкесі Төлеген Нұрғожаұлы әсер етті. Ол кәсіби суретші, қолөнер шебері. Баласының салған шығармаларына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Жас суретшінің әр туындысынан ұлттық тарих пен дүниетаным байқалады.
Алмастың «1916 жыл» атты картинасы мағынасы, әрі көлемі жағынан шығармалырының ішінде ең ірісі. Төлтуманы салып болған соң біраз уақыт кем-кетігін түгендеп, толықтырып, өзгертіп отырады. Оның туындыларында кейіпкерлер әрдайым қозғалыста көрінеді. Көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі мен қазіргі заман көріністері кеңінен қамтылады.
Өнертанушы Бәтиза Әди тарихи жанрға қалам тербеген Алмастың шығармашылығын қазақ бейнелеу өнеріне қосылған үлкен үлес деп бағалайды. Суретші реализм бағытында жұмыс істейтіні және осы бағыттың шыңына шықыссы келетіні туралы айтады.
Бүгінде өзі же ұстаздық етіп, суретші болуды мақсат еткен жастарға бағыт беріп келеді. Ол шәкірттеріне қазақ суретшілерінің стильдік ерекшеліктері мен шетелдік суретшілердің шеберлік машықтарын үйретіп жүр.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.