Елордада суретші Құттыбек Жақыповтың 30 жыл бойы жасаған еңбектері көпшілік назарына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада суретші Құттыбек Жақыповтың 30 жыл бойы жасаған еңбектері көпшілік назарына ұсынылды

23.06.2016
Елордада суретші Құттыбек Жақыповтың 30 жыл бойы жасаған еңбектері көпшілік назарына ұсынылды

Көрмеге қолданбалы өнер шеберінің барлығы 60-тан астам гобелендері мен текеметтері қойылған. «Дала аңызы» тақырыбында өткен шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды. 

Суретші еңбектерінің негізгі тақырыбы – қазақ даласы. Оның шығармашылық жұмыстарында ел тарихы мен мәдениеті бейнеленген. Өнер иесінің ерекше туындылары Қазақстаннан бөлек,  Ресей, Түрікменстан, Түркия мұражайларында тұр.

Көрме алдағы уақытта Шымкент, Бішкек қалаларында жалғасын таппақ.

Фариза АУЛБАЕВА

Хабарламаларға жазылу