«Parasat Maidany» (Парасат Майданы) бағдарламасының кезекті шығарылымы «Ұлы француз революциясы» кезіндегі конвенттің таралуы атауымен шықты. Бағдарлама қонағы ретінде саясаттанушы Қазыбек Бейсебаев пен алаштанушы Сұлтанхан Аққұлұлы қатысып, ойларын ортаға салды.
Француздар революциялық дамудан өткен халық. Әрі олардың ұлт ретінде қалыптасуы да осы буржуазиялық революциядан басталған. Теңдік, бостандық лозунгтері пайда болып, бұл принцип кейін Еуропада демократиялық құндылықтардың таралуына ықпал етті.
18 ғасырда Францияда абсолюттік монархия шегіне жетті. V Людовиктің «өзімізден кейін топан су басса да мейлі» деген сөзі немқұрайлылықты аңғартты. Ал, абсолюттік монархия мен феодалдық тәртіптерді талқандаған нағыз топан су осы буржуазиялық революция болатын. Төңкеріс қарсаңында үш әлеуметтік топ өмір сүрді. Олар: дінбасылар, дворяндар және шаруалар мен қолөнершілер. Алғашқы екі категория өкілдері әскер, жоғарғы өкімет орындары мен шіркеулерде жұмыс атқарды. Сондай-ақ, олар жерге иелік етті. Ал, шаруалардың ешқандай саяси, азаматтық құқығы болмады. Сондықтан, шерудің алғашқы легінде шарулар жүрді және олар үлкен революциялық күш қалыптастырды. Мақсат – абсолюттік билікті жою және аграрлық мәселені шешу арқылы капитализмнің дамуына жол ашу-тын. Бұл жолда Франция біршама қиындықты басынан өткерді. Тез әрі оңай жолмен тартып алып, бөліп беруге бейімделген диктатура өндірісті ұйымдастыруға, жаңа құндылықтар жасауға халықты жұмылдыра алмады. Экономикалық процестердің дамуына кедергі келтіргендіктен құлады. Бірақ, бұл төңкеріс арқылы Франция капиталистік қатынастардың дамуына жаңа жол ашты.
Бағдарлама барысында аталған революцияның басталу себебі мен оның қоғамдық сананың өзгеруімен байланысын, одан кейінгі өзгерістер және де билік туралы сөз қозғады.
«Барлық себеп экономикада болып тұр. Мәселен, революцияға дейін Францияның жағдайы өте нашар болатын. Елдің тамағы жоқ болды, жұмыссыздық артты. Оған қоса, билік халықтан алыстап кетті», - деді саясаттанушы Қазыбек Бейсебаев.
Сондай-ақ, хабар барысында студия қонақтары Еуропа елдері авторитарлық жүйенің қайталанбайтын механизмдерін тауып, бұрынғы Алтын Орда аясындағы мемлекеттерде аталған механизмнің болмауы себебін іздеп көрді.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.