Шетелдік фестивальдерде орын алып жүрген қазақ фильмдері қоғамға не береді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік фестивальдерде орын алып жүрген қазақ фильмдері қоғамға не береді?

21.10.2018

Режиссер Жасұлан Пошанов пен кинотанушы Молдияр Ергебеков «Parasat Maidany» бағдарламасында кино тақырыбына қозғау салып, пікір алмасты. Аталмыш хабар «Суреткер және азамат» тақырыбында шықты.

Бағдарлама қонақтары шетелдік фестивальдерде танылып жатқан отандық туындылар туралы қазақстандықтардың толық ақпарат білмеу себебіне қатысты ойларын айтты.

-«Ол жерде қоғамға бірнәрсе айтайын, пікір алмасайын, көзқарастарын білейін деген уайым жоқ», - дейді Молдияр Ергебеков.

Ал, Жасұлан Пошановтың ойынша, қазір қоғам үндемес. Ешкім үндемейді. Әрқайсысы бір төбе. Екіншіден, көрерменмен диалог жоқ. Кейде бір-бірін түсінбей жатады. «Мысалы, суреткерді кейбір нәрселер қиналтса, ал көреремге ол әсер етпеуі мүмкін. Сондықтан, екеуінің арасына бір байланыс орнату керек», - дейді режиссер.

Сондай-ақ, студия қонақтары «Бүгінгі заманның кейіпкері кім?» деген сауал төңірегінде ұлттық өнерге қолдау турасында айтты.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу