Еліміздегі ең жас директор Талғар Талғатұлы «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ең жас директор Талғар Талғатұлы «Таңшолпанда»

26.10.2018

Халықаралық қатынастар және туризм колледжінің директоры Талғар Талғатұлы ең жас директор ретінде «100 жаңа есім» жобасына кіріп отыр. 

«Бала күнгі арманым – әкемнің рекордын жаңарту еді. Себебі, әкем 25 жасында мектеп директоры болған. Тарихта ең жас директор болып қалғым келді.

Еңбек жолын 2014 жылы бастадым. Екі жыл мұғалім, одан кейін колледж директорының орынбасары қызметін атқардым. Адам баласы күнде ізденіп, оқуы керек. Басшылық қызмет – үлкен жауапкершілік. Өмір барлығына үйретеді.

Жалпы, мені жаңа форматтағы директор десе де болады. Директор десе, көз алдымызға қатал бейне келеді. Алайда, мен ондай емеспін. Балалардың, әріптестердің ішкі дүниесін зерттеп, қатар келе жатырмыз.

Колледж студенттерінің 70 пайызы ғылыми жұмыспен айналысады. Арасында конкурстарға қатысып, жеңіске жетіп жатыр. Биыл сайысқа 5 жобамызды қатыстырдық. Оның бірі - көпқабатты автотұрақ мәселесіне қатысты. Үздік шығып, бәйге алатынына сенеміз. Оның ерекшелігі – 2 автокөліктің орнына 32 автокөлік сыйдыру. Жоба экологиялық тиімді, сапалы, көп қаржыны талап етпейді. Жалпы, осы жобаны енгізу бойынша Алматы қалалық әкімдігіне ұсыныс білдірдік. Қолдау тапса, көпшілікке қолайлы болар еді», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу