«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген ғалым, аудармашы, полиглот Қуаныш Жұмабек Алматы студиясының қонағы болды.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына бір үйден екі ағайын болып ендік. Туған ағам ақын, мен аудармашымын. Жалпы бірінші мамандығым қазақ тілі және қазақ әдебиеті, одан кейін ағылшын-түрік тілін меңгердім.
2010 жылы Малайзия еліне ағылшын тілін оқуға бардым. Сонда байқағаным, шетел тілін үйрету өздерінің тіліне байланысты екен. Тіл – идеология құралы. Бізде неге осылай оқытпасқа деген ой көкейімде жүрді. 2015 жылы Анкарада қазақтілді аудиторияға арналған «Ағылшынша үйренейік» атты оқу құралым шықты. Ол оқулық үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ағылшын грамматикасы қазақша түсіндіріледі. Екінші бөлімде халық ертегілері ағылшын тілінде берілген. Үшінші бөлімі ағылшын тілінде ұсынылған.
Балалық шағым ауылда өтті. Орта мектепті тәмамдап, Семейге оқуға түстім. Ағылшын тілін мектеп қабырғасында оқыдым. Аудармаға қазақ әдебиеті арқылы келдім. Біздің батырлар, мықты азаматтар туралы көп оқыдым. Мысалы, біздің Алаш қайраткерлеріміз оқыған, білімді болған. Тіпті олар шетелдік әдебиетті қазақ тілі, қазақ өнерін шет тілге аударған. Осының барлығы маған әсер етті», - дейді Қуаныш.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.