Абай атындағы опера және балет театры «Абылай хан» операсының жаңартылған нұсқасының тұсауын кеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай атындағы опера және балет театры «Абылай хан» операсының жаңартылған нұсқасының тұсауын кеседі

30.10.2015
Абай атындағы опера және балет театры «Абылай хан»  операсының жаңартылған нұсқасының тұсауын кеседі
Еркеғали Рахмадиев жазған опера 2004 жылдан театр репертуарында.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сахналық қойылым жаңартылған. Алматылықтар премьераны 1 қарашадан бастап тамашалай алады. Бұл операда мемлекет тұтастығы, ұлттық идеология, ел егемендігі жолындағы тартыстар айқын бейнеленген. «Абылай хан» туындысының либреттосын қаламгер Әбіш Кекілбаев жазған.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу