2019 жылдан бастап елімізде пластмасса мен қағаз қалдықтарын көміп тастауға болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019 жылдан бастап елімізде пластмасса мен қағаз қалдықтарын көміп тастауға болмайды

06.10.2018

Ендігі мәселе Александр Винокуровта. Желіні жарды енді, Үлкен Алматы өзеніне барып, қоқыс теріп қайтқанын әлеуметтік желіге салып, айналасын шашып жүретіндерге ескерту жасады. Неге дейсіз ғой, сөйтсек, біздің жігіт италиялық велошабандоз танысын қазақтың табиғатын көрсетейін деп тауға апарғанда айнала қоқыс болған, содан Винокуровтың екі беті нарттай қызарып ұялып қалған. Шайтанарба тізгіндеген жігітті бұрын қоқыс көрмеді деп айта алмаймыз, десе де дереу жинап кеткеніне қарағанда қатты ұялған болуы керек. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда пластмасса, картон мен қағаздың қалдықтарын, әйнектерді көміп тастауға болмайды. Қайтадан өңдеп іске асыру керек, ал, 2021 жылы құрылыс заттары мен тамақ қалдықтарын қоқыс полигондарына үйіп, көмуге қатаң тыйым салынады. «Қоқыстың бәрін кері өңдеп қажетімізге жаратамыз», дейді жауапты министрлік.

 

Әлия ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу