Кәсіпкерлікті қолдауға 100 миллиард теңге бөлінді

21.04.2014
Кәсіпкерлікті қолдауға 100 миллиард теңге бөлінді

Кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін мемлекеттен 100 миллиард теңге бөлінді. Қаржы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы еліміздің екінші деңгейлі банктеріне түсті.  

Енді кәсіпкерлер 13 банктен 6 пайызбен несие ала алады. 100 миллиардтың тең жартысы шағын және орта бизнестің жаңа жобаларына бөлінсе, қалғаны  жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қайта қаржыландыруға жұмсалмақ.  

Құжатқа сәйкес, бөлінген қаржы өңдеуші өнеркәсіп жобаларын іске асыратын шағын және орта бизнес өкілдеріне берілуі тиіс. Яғни, тамақ өнеркәсібі, сусын, тігін цехы, қағаз, резеңке және пластмасса тағы басқа 33 түрлі бұйым жасап шығаратын өнеркәсіпке бөлінбек. Несиені 6 ай ішінде алу қажет.    

Алмас Жұмағұлов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі:

Елімізде бірінші рет ұзақ мерзімге төмен пайызбен несие беріледі. Бұл - мемлекетіміздің кәсіпкерлерге деген қамқорлығы.   

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу