Тұрғын үй деуге келмейтін ғимараттарда күн кешіп жүрген жандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй деуге келмейтін ғимараттарда күн кешіп жүрген жандар

22.09.2018

«Мәселеге» арызданған ағайынды қолынан жетектеп жүріп проблемасын шешуге тырысатын айдар ашып едік өткен аптада. Соның бірінші санын көріңіздер. Басқа емес бас қалада жүздеген адам қабырғасы қақырап, шынылары шытынап, іші азынап тұрған үй деуге ауыз бармайтын жерде тұруға мәжбүр. Шенеуніктер уәдеге жүйрік қой, әне-міне қатырамыз деп елді біраз сенделткенге ұқсайды. Едендеріне дейін тесіліп кеткен ғимаратта күн кешуге мәжбүр қандастарымыздың жағдайын Әлия Әшім жып-жылы, жайлы кабинеттерге жайғасқан шенеуніктерге жеткізуге тырысты. Олар елді естіді ме? Аз да болса ұяттары оянды ма жауапсыздардың? Сюжетті көріңіздер.

 

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу