«Men Qazaqpyn» жобасында өнерпаздар ән, күй, терме жанрлары бойынша бақ сынасады. Ал, Қарағанды облысынан домбырасын арқалап келген термеші Сағынбай Мәлібеков Ақтамберді жыраудың «Күлдір де күлдір кісінетіп» шығармасын орындады.
Сағынбай Мәлібековтың өнеріне пікір білдірген қазылар алқасының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков аса қанағаттанбағанын жеткізді.
- Сағынбай небәрі 20 жаста екен. Дауысы бар, бірақ, арғы жағына қуаты жетпей қалды. Кек жоқ, ыза жоқ. Үлкен әсер болуы керек. Бұл толғауды айту өте қиын деп есептеймін. Мен аса қанағаттанбадым.