Арман Тосқанбаев: Мен қазір дипломсыз кәсіпкермін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арман Тосқанбаев: Мен қазір дипломсыз кәсіпкермін

26.08.2018

Ұлттық  арна эфирінен бүгін шыққан «100 жаңа есім» деректі фильмінің кейіпкері – жас кәсіпкер Арман Тосқанбаев. Ол алғашқы кәсібін 17 жасында Қарағанды қаласында компьютерлік техника бөлімін ашудан бастаған.

«Мектеп кезінде футболды нашар ойнайтынмын, сабақты да менен ешкім көшірмейтін. Содан не де болса бір нәрсені үйренуім керек деген мақсат қойдым. Алғаш рет информатика пәнінен сабақ берген ұстазым бағыт берді. Мұғалімім «жасап көр» деген компьютерді күні бойы шұқылап, әйтеуір жасап бердім. Солай келе 5-6 сыныптардан компьютерлік техниканы ізденіп, үйрене бастадым. Ал, 10-11 сыныпта қаланың көптеген мектептерінде компьютер жөндейтін болдым. Солай келе компьютерлерді өзім жинап, сата бастадым», - дейді жас кәсіпкер.

Сондай-ақ, Арман Тосқанбаев өмір жолындағы қиындықтары туралы айта келе, бүгінде дипломсыз бизнесмен екенін жеткізді. Деректі фильм барысында кейіпкер кәсіпкерліктің қыр-сырымен бөлісті. Қазіргі уақытта жас кәсіпкердің 5 компаниясы бар.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу