Ақын Иран-Ғайып өткені туралы: Мұндайды ешкімге тілемеймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Иран-Ғайып өткені туралы: Мұндайды ешкімге тілемеймін

13.08.2018

Ақын, драматург Иран-Ғайып «Дара жол» бағдарламасында қонақта. Хабарға қаламгердің үзеңгілестері, жолдастары және жары Дариға Қадырқожақызы қатысты.

 

 «Екеуміз «Жазушы» баспасында бірге қызмет атқарып, сонда таныстық. Бізді табыстырған да сол баспа. 1990 жылдары жұбайым ұлынан айырылды. Бұл кісінің басына түскен ауыртпашылыққа ұжым болып қайғырдық. Сол жылдары жұбату болсын деп үлкен мақала жаздым. Ол мақалаға Ирекеңнің ұлына деген жоқтау жырларын қостық.

Мамандығым журналист болған соң оның жыр-өлеңдерін, жазған-сызғандарын бір кітапқа жинауды жөн көрдім. Еңбектері бос қалмасын деп ойладым. Осылайша, екі томдық кітап дүниеге келді. Бұл кітапта суреттері, өлеңдерінің кімге жазылғанына қатысты жауаптар бар. Өлең жазғандағы алғашқы оқырманы менмін», - дейді қонақ. 

 

«Бұл қайғыдан ащы суға да салынып, басымды ұрмаған жерім қалмады. Қайғы келгенде сен туралы не айтылып жатыр, ешкімнің сөзі жүрмейді екен. Бес жыл далада жаттым. Одан арланбаймын. Ешкімге ондайды тілемеймін. Мұнарымнан кейін, ұл тауып, мені қолдағаны, еңбегі үшін жұбайыма алғыс айтқым келеді», - дейді ақын.



«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу