Астанада тұңғыш рет Азия медиа диалогы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тұңғыш рет Азия медиа диалогы өтуде

11.07.2018

Астананың 20 жылдығына орай 10-12 шілде аралығында Елордада тұңғыш рет Азия медиа диалогы өтуде.

 

Азия медиа диалогы – Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы желісіндегі бірқатар іс-шараларды біріктірген 2018 жылдың ең ірі салалық халқаралық жобаларының бірі. Мұндай іс-шара тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда тұңғыш рет өткізілмек. Жоба шеңберінде бірқатар маңызды оқиғалар бар:

 

«Radio Asia 2018» халықаралық конференциясы мен семинарлары. Радио дамуының мәселелеріне арналған мұндай конференция Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет өткізілуде.

 

«Radio Asia Song Festival» халықаралық ән фестивалі. Ән фестивалі Астананың 20 жылдығына сыйлық болып табылады. Фестивальда өз мәдениетін көрсететін, Үндістан, Мальдивтер, Вьетнам, Қытай, Ауғанстан, Түрікменстан, Түркия, Индонезия сияқты елдерден жас әртістер қатысады. Әртістер Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағының мүшесі болып табылатын ұйымдардың атынан қатысатынын айта кеткен жөн.

 

«Media 2020» халықаралық конеренциясы (Еуропа хабар тарату одағымен диалог). Бұл конференция медиа саласының көп мәселелері бойынша Еуропа мен Азия арасында диалог құрастырады. Конференцияға халықаралық және ұлттық телерадио хабар таратушыларды, қауымдастықтарды, жеке медиа компанияларды, сонымен қатар медианың академиялық қоғамының өкілдерін қоса алғанда, Еуропа мен Азияның жетекші медиа менеджерлері қатысады.

 

Азия медиа диалогы осы жылы Астананың 20 жылдығына ұштастырылып отыр.

 

Хабарламаларға жазылу