Қарағанды мемлекеттік университетінде көптілділік бойынша халықаралық олимпиада басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды мемлекеттік университетінде көптілділік бойынша халықаралық олимпиада басталды

04.05.2017

Елімізде тұңғыш рет Қарағанды Мемлекеттік университетінде Қазақстан және Орталық  Азия елдері жоғары оқу орындарының арасында көптілділік бойынша халықаралық олимпиада өтуде. Евней Букетов атындағы білім ошағы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бірлесе ұйымдастырған білгірлер сайысына Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттерінің  25 жоғары оқу орнынан студенттер жиналды.  Олимпиада барысында олардың тілдерді меңгеру білімі сарапқа салынады. Жарыс қорытындысына сәйкес «Мемлекеттік тілдің үздік білгірі», «Шет тілдің үздік білгірі», «Орталық Азия тілдерінің үздік білгірі», «Супер полиглот», «Ең көптілді команда» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталады. Жалпы, олимпиаданың мақсаты - білім арқылы тілдік және мәдени әр алуандылықты дамыту, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу