Жас өнертапқыш жол-көлік оқиғаларының алдын алатын құрылғы ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас өнертапқыш жол-көлік оқиғаларының алдын алатын құрылғы ойлап тапты

09.07.2018

Жүргізуші белгілі бір бағытқа бұрылу немесе кері айналып жүру үшін бұрылу жолағын жағады. Ол жол қиылысында туындайтын көлік оқиғаларына бірден-бір себеп. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Алмас Нұрланұлы отандық керіжүру маневрын ойлап тауыпты. Ол көлік жүргізгенде абай бол деген мағынаны білдіреді. Құрылғы өте шағын әрі ыңғайлы.

«Жол-көлік оқиғаларының 30 пайызы жол қиылыстарында болады. Өкінішке орай жүргізушілердің көбісі керіжүру белгісін болжай алмайды. Осы себептен жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін профессор Алияров Леспек Қаниұлымен бірлесіп, автокөліктің керіжүру маневры туралы ақпараттық белгісін құрастырдық. Құрылғының атауы – «Абай». Керіжүру маневрынің жұмысы қарапайым», - дейді өнертапқыш Алмас.

Өнертапқыш қазіргі уақытты Алматы қаласы әкімдігі мен Жол көлік полициясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бір жыл көлемінде қаладағы көліктердің барлығына осы құрылғы орнатылып, тәжірибе жүзінде қажеттілігі анықталмақ.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу