12 жасында студент атанған Абзал Мырзаш кирилл қарпіндегі мәтінді латынға аударатын бағдарлама ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 жасында студент атанған Абзал Мырзаш кирилл қарпіндегі мәтінді латынға аударатын бағдарлама ұсынды

12.06.2018

12 жасында студент атанған Абзал Мырзаш 1 курсты үздік аяқаған. Болашақ IT-маманы латын қарпіндегі қазақ әліпбиін төрт нұсқа бойынша ұсынды. Ол өзге тілдерде кездеспейтін қазақтың тоғыз төл әрпінің бесеуін диграфпен, ал, қалған төртеуін бір әріп, бір дыбыс түрінде белгілепті.

Сондай-ақ қазақ әліпбиіндегі «ж» және «ш» әріптерін, әрі орыс тілінен енген бес дыбысты да диграфпен көрсетіп, жуанды және жіңішкелік ретіндегі екі таңбаға апострофты қолданған.

Абзал өзі дайындаған төрт нұсқаны да әлеуметтік желіде жариялап, көпшіліктің пікірін біліпті. Қолдау тапқан жоба Президент әкімшілігіне, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне жолданды.

13 жастағы өнертапқыш жеделдетілген бағдарламамен жоғарғы оқу орнын екі жылда бітіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, екінші мамандық бойынша қосымша білім алып жатыр. Вундеркинг Абзал ел экономикасына қомақты қаржы әкелетін экологиялық бағдарлама дайындап, Нобель сыйлығын алуды армандайды.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу