«Ақсауыт». Іле өзенінің бойын қорғайтын застава - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақсауыт». Іле өзенінің бойын қорғайтын застава

10.06.2018

«Ақсауыттың» кезекті шығарылымында шығыс шекараны күзететін заставаның қызметі таныстырылды. Аталған застава қазақ-қытай шекарасын күзетеді. Оның бір ерекшелігі – құрлықта да, өзенде де қызмет атқарады. Себебі, ол Іле өзенінің бойын қорғайды. Застава заңсыз шекара бұзушылар мен браконьерлерді тоқтатуға міндетті.

Ералы, Қожабекұлы, застава бастығы:

- Бұл аумақ құмды, шөлейтті болып келеді. Мұнда заңсыз аң аулауға шыққан тұлғаларды шекара нарядтары ұстап, оларды заңға сәйкес жазаға тартуға тырысамыз.

Өткен жылғы көрсеткіштерге сәйкес, шекара режимін бұзғандар саны 42 пайызға артқан. Ұсталғандардың нақты есебін айтар болсақ, 2100 адам. Сонымен қатар, мемлекет аумағына кіріп-шығу тәртібін бұзғандар 13 пайызға өскен. Яғни, 406 азамат жауапқа тартылған.

Хабарламаларға жазылу