Берік Жүсіп: «Алатау» дәстүрлі өнер театры сахна іздеп жүрген жастарға арналған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берік Жүсіп: «Алатау» дәстүрлі өнер театры сахна іздеп жүрген жастарға арналған

05.06.2018

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры, фольклортанушы Берік Жүсіп «Таңшолпан» бағдарламасының Алматы студиясында қонақ болды.

 

«Алатау» дәстүрлі өнер театры Елбасының қолдауымен ашылған жаңа өнер ордасы. Биыл театрдың ашылғанына – 2 жыл. Ең бастысы, шығармашылық топты қалыптастырумен айналысып жатырмыз. Қазір 20-ға жуық дәстүрлі әнші, 10 актер бар.

Биылға жоспарланған  алғашқы қойылым – «Жамбыл» қойылымы. Оны таңдаған себебіміз, бұл қазақтың эпикалық дәстүрін көрсететін туынды. 100 жасаған Жамбыл ақын үш дәуірді, ірі оқиғаларды көрген тұлға. Бұл қойылымды биыл қазан-қараша айында сахналамақпыз.

Облыстарда өнер басын ұстап жүрген аға-апаларымыз аз емес. «Алатау алабында» сөзін брендтік атау ретінде алып, түрлі шаралар жоспарлап отырмыз. Мысалы, «Алатау алабындағы үшқоңыр», «Алатау алабындағы Жамбыл жастары». Осы ойды облыс басшыларына ұсынғымыз келеді. Себебі, облыстарда сахна іздеп жүрген жастар көп.

Алматы – рухани астана, өнердің басты шоғырланған жері. Қазақстанның қай түкпірінен болса да, өнерпаздар біздің театрымызды пайдаланып, өздерінің өнерлерін насихаттауларына болады. Театр сол үшін ашылған», - дейді қонақ.

 

«Толық нұсқа»

Хабарламаларға жазылу