28-29 сәуірде «Арманға ұмтыл» ұранымен Орталық Азиядағы ірі бизнес іс-шарасы – «Synergy Global Forum Алматы 2018» өтті. Форумның мақсаты - Қазақстан кәсіпкерлеріне бизнесті және экономиканы дамытудың жаңа сатысына шығаруға көмектесу.
Форумның спикерлері арасында табысты және аса табысты кәсіпкерлер, бизнес-жаттықтырушылар және маркетинг пен бизнестегі, жүйелік дамудан бастап, ультрамарафон мен ғарыштағы жұмысқа дейін түрлі салалардағы сарапшылар болды.
Барлық ірі шөлдер арқылы жүгіріп өткен супермарафоншы, Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген Марат Жыланбаев өзінің таңғажайып жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Сөзінің басты түрткісі: «Өзгеруден қорықпаңыз! Мақсатқа жеткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз!».
Көшбасшылық пен менеджмент жөніндегі танымал американдық жаттықтырушы Маршалл Голдсмит көшбасшылықты дамытудың дәлелденген, сонымен қатар, коучингіге және тимбилдингіге негізделген моделін сипаттады.
Ғарыш кемесінің командирі және ғалым Сергей Рязанский ғарыштық тәжірибе бизнесте қалай пайдалы болуы мүмкін екендігі туралы, әсіресе, жақсы көңіл-күйді сақтай отырып, жеңіске қол жеткізу және мейірімділікпен «қалай ұрсысуға» болатыны туралы әңгімесімен аудитория алдына шықты.
Бизнес пен жеке тұлғаны дамыту жүйесіндегі сарапшы Ицхак Пинтосевич басшы үшін өте қиын тақырыпты көтерді: өз-өзін ынталандыру, мотивация алу және мақсатқа сенімді түрде қалай жетуге болатынын айтты.
20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар лайф және бизнес-жаттықтырушы, №1 нетворкинг сарапшысы Гил Петерсил серіктестер мен жаңа іскерлік байланыстарды қай жерден іздеу керектігі туралы әңгімеледі.
Маркетингтік гуру Манн Игорьдің сөз сөйлеуі оның өзіндік тақырыбына - бюджетсіз маркетингіге арналған. Форумға қатысушылар келесі күні іске асырылуы мүмкін 100-ден астам ешқандай қаржы жұмсауды қажет етпейтін маркетингтік құралдар туралы хабардар болды.
Бизнесмен және «Трансформатор» бейнеблогының авторы Дмитрий Портнягин заманауи кәсіпкердің ДНҚ-ын, оған жеке бренд не үшін қажет екенін және бұл брендті қалай монетизациялауға болатынын талдады.
Миллионер, инвестициялық кеңесші және бестселлер авторы Роберт Аллен қаржылық әл-ауқатқа жетудің жеті қадамы туралы әңгімелеп берді.
Бизнесмен, бизнес-жаттықтырушы және мотивациялық шешен Смильян Мори 20 жылдан астам тікелей сату және желілік маркетинг тәжірибесіне ие. Мори Орталық-Шығыс Еуропадағы ең табысты сақтандыру брокерлік компаниясының, 10 жыл ішінде 50 миллион еуро айналымы бар бизнес-коучингтің меншікті империясы және Еуропаның жетекші электрондық оқыту платформаларының бірі - Top Success Club негізін салушы.
Форумның қатысушылары үшін нағыз «Уолл-стриттің Қасқыры» Джордан Белфорт - бизнесте үлкен айналымға жетудің, содан кейін барлығын дерлік, соның ішінде отбасы мен беделін жоғалтып алудың, кейін мүлдем басқаша қасиетпен әлемдік деңгейде қайта туылудың өмірлік үлгісі болды.
Форум сәтті өтті, қатысушылар спикерлерді өте жылы қабылдады. Қатарлас форумның алаңында Synergy Food Fest гастрономиялық фестивалі мен Synergy Business EXPO перспективалық жобаларының көрмелері өтті. Аfterparty және гала-кешкі ас кезінде форумға қатысушылар бейресми жағдайда спикерлермен көзбе-көз тілдесуді жалғастыра алды.