Ақсұлу Арзықұлова:  XV Еуразия медиа форумына 60 мемлекеттен мамандар келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсұлу Арзықұлова:  XV Еуразия медиа форумына 60 мемлекеттен мамандар келеді

30.04.2018

«Таңшолпан» бағдарламасында Еуразия медиа форумының PR менеджері, баспасөз орталығының басшысы Ақсұлу Арзықұлова қонақта болып, аталмыш форумның жаңалықтарымен бөлісті.

22-24 мамыр күндері Алматыда XV Еуразия медиа форумы өтеді. Оған 500-ден аса делегат келеді деп күтілуде.

«Осы жылғы медиа форумға 60 мемлекеттен мамандар келеді. Бұл шараға  БАҚ, саясат, экономика салаларындағы мықты деген майталман мамандар мен сарапшыларды шақырып отырмыз. Мысалға, олардың қатарында Италияның бұрынғы премьер-министрі, саясаткер, қоғам қайраткері Маттео Ренци, журналистердің қатарында Ксения Собчак, Софико Шеварднадзе, публицист Стивен Кинг, Рено Жирар сынды қонақтар бар. Медиа форум жалпы 3 күн болады. Бірінші күні шеберлік сыныптары өтсе, қалған екі күнде әртүрлі маңызды тақырыптарда шетелдік мамандар мен сарапшылар арасында талқылаулар болады», - дейді Ақсұлу Арзықұлова.

Сонымен қатар, бағдарлама барысында А.Арзықұлова осыған дейін өткізілген форумдардың нәтижесі туралы айтты.

Айта кету керек, XV Еуразия медиа форумына қатысты кез келген ақпаратты «eamedia.org» сайтынан білуге болады.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу