Нұр-Сұлтанда «Astana Media Week» апталығы өтіп жатыр

11.11.2020

Елордада «Astana Media Week - 2020» апталығы басталды. Биыл іс-шара онлайн форматта өтіп жатыр. Негізгі мақсаты – отандық медиа саланы дамыту, индустриядағы іскерлік қарым-қатынасты халықаралық деңгейде ілгерілету. Медиа апталық 4 жыл қатарынан әлемнің әр елінен жетекші сарапшылардың басын қосып келеді. Биыл оған 10 мемлекеттен 60-тан астам сарапшы, топ менеджерлер мен журналист-ғалымдар қатысып жатыр. Осы жолы ұйымдастырушылардың назары медиа саланың алдағы уақыттағы жұмыс бағытын құру мәселесіне ауып отыр. Басты тақырыптар: медиа-контентті тұтынудағы жаһандық трендтер, пандемия және жаңа жағдайдағы редакциялардың жұмысы. Дәстүрлі шара 13 қарашаға дейін жалғасады.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Ақпарат тасқыны көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан уақыт. Интернет арқылы әртүрлі ресми емес ақпараттарды халық арасынан жылдам тарату кеңінен белең алды. Соның нәтижесінде дәстүрлі БАҚ-қа деген қызығушылық төмендеді. Қазір жекелеген адамдардың пікірі ресми жаңалықтардан бірінші оқылатын болды. Бір сөзбен айтқанда қоғамның талғамы өзгерді. Бұл бізден әрқашанда бәсекеге қабілеттілікті талап етеді.

Фариза Мұсақызы 

Astana Media Week

Хабарламаларға жазылу